+7 7172 62 10 10
Байланыс
neurobiobank@ncn.kz
E-mail

Гаухар Сұлтанханқызы Ибатова ХХІІ Бүкілресейлік «Поленов оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясына «Балалардағы глиальды ісіктердегі эпилепсияның фармакорезистенттік формаларының болжаушылары» баяндамасымен қатысты.

Литваның Каунас қаласында «Молекулярлық цитогенетикалық зерттеу бағдарламасын әзірлеу және орталық жүйке жүйесі ісіктерінің биобанкін құру» ғылыми жобасының қатысушылары 2022 жылғы 19 қараша мен 3 желтоқсан аралығында «Нейро-онкологиялық ауруларды заманауи диагностикалау, емдеу және пациенттерге күтім жасау» тақырыбында тағылымдамадан өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі BR10965225 «Молекулярлық цитогенетикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және орталық жүйке ісіктерінің биобанкін құру» ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде құрылған Орталық жүйке жүйесінің патологиялары биобанкі жүйесі» 2021-2023 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Биоэтика жөніндегі орталық комиссиясымен бекітілді және ЦКБ ББ-001/2022 нөмірімен тіркелді.

«Молекулярлық цитогенетикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және орталық жүйке жүйесі ісіктерінің биобанкін құру» ғылыми жобасы аясында патологоанатомолог Рустам Мұратұлы Мұратов 2022 жылғы 3 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін Израильдің Хайфа қаласындағы Рамбам медициналық орталығында «Нейропатология» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтті.

logo-kz.jpg
Молекулярлық-цитогенетикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және орталық жүйке жүйесі ісіктерінің биобанктерін жасау.
РК, Астана қ.
Тұран д. 34/1
neurobiobank@ncn.kz
© Copyright 2025 Design by site-pro.kz. All Rights Reserved.