Каунас қаласының «KAUNO KLINIKOS» ауруханасында тағылымдама
Каунас қаласының «KAUNO KLINIKOS» ауруханасында тағылымдама, Литва
29 мамыр мен 9 маусым аралығында патологиялық анатомия бөлімшесінің меңгерушісі Берік Барлыбайұлы Жетпісбаев, маман (биолог) Ләззат Мұратқызы Қалиева және аға лаборант гистолог Ләззат Елюбаевна Мукалыкова Литваның Каунас қаласындағы Литва денсаулық ғылымдары университетінде «Орталық жүйке жүйесі ісіктерінің биобанкі» тақырыбы бойынша тағылымдамадан өтті.
Литва денсаулық ғылымдары университеті (LSMU) – ғылымды, зерттеуді және клиникалық тәжірибені сәтті үйлестіретін Литвадағы биомедициналық ғылымдар саласындағы ең ірі жоғары оқу орны. LSMU екі негізгі академиядан тұрады: Медициналық академия және Ветеринарлық академия.
Оқыту барысында мамандар бас миының және жұлынның ісіктері бар науқастарды қарауға қатысты, МДМ-ға қатысты, патологиялық зертхананың, радиология және гамма-пышақ бөлімінің, операциялық бөлімшенің, ғылым бөлімінің, медицина бөлімінің, молекулярлық онкология зертханасының және т.б. жұмысымен танысты. Сондай-ақ операцияларға қатысты және молекулярлық-генетикалық зерттеулерге биоматериалдарды сынама алу және дайындау принциптерімен танысты. Нәтижесінде, мамандар қаннан ДНҚ, ісік тінінен ДНҚ алу, қан мен ісік тінінің үлгілерін кейіннен криоконсервациялау арқылы алликвоттау техникасы бойынша тағылымдама алды.